Әлемдегі ең қымбат спорт клубтарының рейтингі жарияланды
Әйгілі Forbes журналы әлемдегі ең қымбат 50 спорттық клубтардың рейтингін жариялады. Онда спорттың төрт түрінен командалар орны алған: 26 ҰФЛ, 9 баскетбол және футбол клубтары мен 6 бейсбол клубы бар.
Соңғы бір жыл ішінде ең қымбат спорт клубтарының үштігі өзгеріссіз қалған. Рейтингте көш басын Даллас Ковбойс бастап тұр (Ұлттық футбол лигасы, MFL). Клубтың жалпы құны 5,7 миллиард долларға бағаланған.
Екінші орында 5,25 миллиард долларлық бағадағы «Нью-Йорк Янкис» бейсбол клубы иелеген болса, үздік үштікті «Нью-Йорк Никс» (5 миллиард доллар) баскетбол клубы аяқтаған.
Үздік бестік қатарында ежелгі қарсылас «Барселона» (4,76 млрд доллар) мен «Реал» (4,75 млрд доллар) клубтары енген.