Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең қауіпсіз мемлекет бір шарт пен туристерге шекараларын ашты
17:43 / 2021-03-17

Жер бетіндегі ең қауіпсіз елдердің тізімінде бірнеше рет көш бастаған Исландия туристерге шекарасын бір шартпен ашуға келіскен. Елге келетін сяхатшылар коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарында, Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мақұлдаған вакцинамен вакцинацияланған шетелдіктер Исландияға кірген кезде карантинге алынбайды немесе коронавирусқа тексерілмейді. Бұрын осындай ережелер ЕО азаматтары мен Еуропалық экономикалық аймаққа (ЕЭА) кіретін елдер үшін қолданылған.

Премьер-министр Катрин Якобсдоуттир туризм мәдениет, сауда және кәсіпкерлік үшін маңызды екенін баса айтып «қалыпты өмірге баяу және қауіпсіз оралуға» үміт білдірген.

Исландияға COVID-19 індетімен ауырмаған немесе вакцина алмаған саяхатшылар да келе алады. Егер осылай баруға бел буған кісілер ауру жоөқ екенін дәлелдейтін ПТР тестін ұсынып, бес күндік карантиннен өтіп, анализді қайта тапсыруы керек.