Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең қарт адам Олимпиада алауы эстафетасына қатысады
17:43 / 2021-03-05

Жер бетіндегі ең қарт адам Канэ Танака Токио-2020 Олимпиасы алауын көтеруге дайындалып жатыр.

Қатерлі ісік ауруынан екі рет емделген, екі әлемдік пандемияны басынан өткерген және «газдалған сусындарды жақсы көретін» 118 жасты кейауна туған мекені Фукуока префектурасының Шимэ қаласында Олимпиада алауын алып жүреді.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Танака алауды шамамен 100 метрге дейін жеткізуі керек. Бұл тұрғыдан оның отбасы оны мүгедектер арбасында 100 метрге дейін жеткізеді, кейін Танака алауды келесі адамға беру үшін бірнеше қадам жасайды.

CNN Танакамен осы жайында сөйлескенде, ол қызы туған күніне арнайы кроссовканы сыйлағанын айтып, дайындап қойғанын жеткізген.

Бүгінге дейінгі Олимпиада алауын көтеруден рекорд бразилиялық Аида Геманкке (106 жаста, Рио-2016 Олимпиадасында) және үстел теннисінің шебері ресейлік Александр Каптаренкоға (Сочи-2014 Олимпиадасы, 101 жаста) тиесілі.