Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі ең үлкен картина 62 млн долларға сатылды
12:00 / 2021-03-25

Британдық суретші Саши Жафри салған әлемдегі ең үлкен «The Journey оf Humanity» («Адамзат саяхаты») картинасы Дубайда өткен қайырымдылық аукционында 62 млн долларға сатылды.

Esquire мәліметінше, Жафри картинаны Дубайдағы «Атлантис» қонақ үйінің залында былтыр наурызда БАӘ-ден локдаун жарияланғаннан кейін жеті айлық мерзімде салған. Оның өлшемі 1600 шаршы мертді құрайды - бұл төрт баскетбол алаңына тең. Суретті жасау кезінде Жафри 1065 қылқалам мен 6300 литр бояуды қолданған.

Бастапқыда Жафри өз жұмысын 70 бөлікке бөліп, оларды 30 млн долларға сатқысы келген. Алайда, оны толығымен криптовалютаға мамандандырылған фирманың жетекшісі болған Андре Абдун есімді француз сатып алды. Жиналған қаражат ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Global Gift Foundation және Dubi Caras сияқты қайырымдылық қорларына жіберіледі.

2020 жылдың қыркүйегінде Гиннестің рекордтар кітабы «The Journey оf Humanity» картинасын әлемдегі ең үлкен сурет деп таныды. Суретшінің айтуынша, шығарма «сиқырлы реализм» стилінде жасалған. Картинада 140 елдің балалары әртүрлі эмоцияларды білдіретін кескін бейнеленген. Сурет тақырыбы бойынша төрт бөлікке бөлінеді: Жер жүрегі, табиғат, адамзат және ғалам.