Forbes журналы әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшылардың рейтингін жариялады.
Рейтингте «Пари Сен-Жермен» клубы мен Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси көш бастап тұр. Шабуылшы 130 миллион доллар табыс тапқан. Оның 75 миллион доллары жалақысы, ал қалған 55 миллионы демеушілік пен жарнамалық келісімшарт төлемдерінен түскен.
Үздік үштікке «Лос-Анджелес Лейкерс» баскетболшысы Леброн Джеймс (121 миллион доллар) пен «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду (115 миллион доллар) енген.
ТОП-10 спортшылар қатарында бразилиялық Неймар (95 млн доллар), америкалық баскетболшылар Стивен Карри (92,8 млн доллар) мен Кевин Дюрант (92,1 млн доллар), швейцариялық теннисші Роджер Федерер (90,7 млн доллар), мексикалық боксшы Сауль Альварес (90 млн доллар), америкалық футболшы Том Брэди (83,9 млн доллар) және грек баскетболшысы Яннис Адетокунбо (80,9 млн доллар) бар.