Әлемдегі ең арзан электромобиль Қытайда сатыла бастады. Оның бағасы 100 доллар.
Alibaba онлайн сауда алаңында бір адамға арналған ергежейлі электромобиль сатылымға қойылды. Көлемі кішігірім болғанына қарамастан, көлік жалпыға ортақ жолдарда жүруге мүмкіндік беретін қажетті құрылғылармен жабдықталған. Жинаққа байланысты қытайлық электромобиль бағасы 100 доллардан 4000 долларға дейін болуы мүмкін.
Motor басылымының мәліметінше, шағын электромобильдің ұзындығы 2133 мм, ені 900, биіктігі 1495 мм-ді құрайды. Доңғалақ базасы 1515 миллиметр болатын модельдің салмағы 230 келі. Шағын көлеміне қарамастан, электромобильдің астыңғы жағы мен жол жамылғысы арасындағы қашықтық 150 миллиметр.
Автокөлік 1,3 ат күшіне ие электр қозғалтқышы арқылы сағатына 40 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғала алады. Электромобиль бір зарядта максималды жылдамдықпен 60 шақырымға дейін жүре алады. Қосалқы бөлшектері және сатып алушы еліне байланысты, ергежейлі көлікті 100 доллардан 4000 долларға дейін сатып алуға болады.