Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемдегі алғашқы триллионер 2027 жылға қарай пайда болуы мүмкін
10:47 / 2024-09-09

Америкалық кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск 2027 жылға қарай әлемдегі алғашқы триллионер болуы мүмкін.

Бұл туралы The Guardian басылымы Informa Connect Academy (ICA) сарапшыларының есебіне сілтеме жасап хабарлады.

Зерттеушілер Масктың байлығы жылына орта есеппен 110 пайызға өсіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, америкалық кәсіпкер Bloomberg деректеріне сәйкес, қазірдің өзінде 251 миллиард доллар байлықпен әлемдегі ең бай адамға айналған.

ICA сарапшылары 2028 жылы екінші триллионер ретінде Үндістандық Adani Group конгломератының негізін қалаушы және төрағасы Гаутам Адани болады деп болжап отыр. Forbes USA оны Азиядағы ең бай адам деп есептейді. Оның байлығының өсу қарқыны жылына 123 пайызды құрайды.

Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуанг және индонезиялық магнат Пражого Пангесту да төрт жыл ішінде өз байлығын триллион долларға жеткізу мүмкіндігіне ие. Француз кәсіпкері, LVMH компаниялар тобының президенті және бас директоры Бернар Арно және Facebook бас директоры Марк Цукерберг алты жыл ішінде осы межеге жетуі мүмкін.