Үлкен пәтерлер мен саяжайдағы үйлерге арналған премиум-теледидарларды шығаратын C SEED компаниясы әлемдегі алғашқы «гармошка» тәрізді құрастырылатын M1 теледидарын жасады.
Hi-Tech сайтындағы мәліметке қарағанда, теледидардың экраны 165 дюйм болып, 4K сапасын қолдайтын microLED матрицасымен жабдықталған. Сондай-ақ, 1000 нитті жарықтың жоғары нүктесі мен өте керемет ішкі акустикасы бар.
M1 теледидарының еденнен шығу процесін мына бейнеден көруге болады:
<iframe width="609" height="375" src="https://www.youtube.com/embed/fSfNzsY0LSU" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>Құрылғы бүгінде баламасы жоқ жиналмалы дизайнға ие. Ол аккордеон сияқты бүктелетін ені бірдей бес жалпақ панельден тұрады. Бірақ оның толық кеңейтілген күйінде көрсеңіз бүктеледі деп ойламайсыз. Бұл дизайн теледидарды еденге жасыруға арналған. Егер кино немесе қызықты бірдеңе көргіңіз келсе пультпен оны еденнен шығару мүмкін.
C SEED теледидарының өте қымбат сән-салтанатқа айналуының себебі, ол тек тапсырыс бойынша жасалады. M1 теледидарының бағасы - 400 000 доллар.