English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде жолаушыларды тасымалдау бір жылда 45,8 пайызға өсті
16:02 / 2023-06-02

2023 жылдың сәуір айында әлем бойынша жолаушы тасымалының көлемі 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) дерегінше, бұл пандемиядан алдынғы деңгейдің 90,5 пайызын құраған.

Сәуірде халықаралық рейстерде жолаушылар тасымалы 48 пайызға, ішкі рейстерде 42,6 пайызға өсімі байқалған.

Бұл ретте Азия-Тынық мұхиты аймағы әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша рейтингте көш бастады.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әуе тасымалының көлемі сәуір айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192,7 пайызға өссе, Еуропа мен Таяу Шығыста сәйкесінше 22,6 және 38 пайызға жоғарылаған. Солтүстік Америкада әуе қозғалысының өсімі 34,8 пайызды, Латын Америкасында 25,8 пайызды және Африкада 53,5 пайызды құраған.