Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты
11:51 / 2020-12-26

Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 80 222 683 кісіге жетті.

Worldometers порталының мәліметінше, бүгінге дейін 56,4 млнға жуық азамат дерттен сауыққан болса, 1,7 млннан астам жан көз жұмған.

Өткен тәулікте вирустану жағдайы АҚШ-та тіркелген - 193 мың адам. Бразилияда соңғы тәулікте 58 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылды, ал жаңа вирустың ошағына айналған Ұлыбританияда олардың саны 39 мыңнан асқан. Ресейде (29 мың), Германияда (26 мың), Үндістанда (23 мың) және Францияда (21 мың) жағдай байқалған.

Әлемде әлі де Құрама Штаттар вирустың таралуы бойынша көш бастап келеді. Елде осы уақытқа дейін 19,1 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 337 мыңнан астам американдық қайтыс болды. Кейінгі орындарда Үндістан (10,1 миллион) мен Бразилия (7,4 миллион) тұр. Ресей, Франция, Ұлыбритания, Түркия мен Италияда вирус жұқтырғандардың саны 2 миллионнан асты.  

Ал, Испания, Германия, Аргентина, Колумбия, Мексика, Польша, Иран, Украина және Перу сынды елдерде вирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан жоғары көрсеткішке шықты.

«Коронавирустың отаны» Қытай вирус жұқтырғандар саны бойынша 80-ші орында келеді. Бүгінгі таңда вирус Қытайда 86 мыңнан астам адамнан анықталған болса,  Бахрейн (91 мың), Кения (95 мың) және Алжир (97 мың) елдеріндегі жағдай Қытайдан біршама көбейген.

Коронавирусқа қарсы клиникалық сынақтарды өткізу бойынша АҚШ жетекшілік етуде. Осы уақытқа дейін 242 312 000-нан астам американдықтар коронавирусқа тексерілген. Бұл жағынан Үндістан (166 млн) Қытайды (160 млн) артта қалдырған. Ресей болса, 88 миллион азаматтын тестілеуден өткізді.