Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асты
01:55 / 2020-11-09

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегіне сай Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырған жандар саны 50 246 842 кісіге жеткен. Қазірге дейін 32,8 млнға жуық азамат дерттен сауығып шыққан болса, 1,2 млннан астам жан көз жұмған.

Соңғы статистика бойынша ең көп індет тараған ел әліде – АҚШ болып тұр. Қазір онда 9,9 миллионнан астам азамат вирусты жұқтырғандығы расталған. Ал, науқастардың 237 мыңнан көбі осы дерттен көз жұмып, 3,8 млн астамы емделіп шыққан.

Зерттеу университеті келтірген мәліметтер бойынша індет тараған елдер тізімінде Үндістан еінші орында болып, ондағы вирусқа шалдыққандар саны қазірде 8,5 млннан асқан. 7,8 млннан астамы сауығып, бүгінге дейін 126 мыңнан көп жан мерт болған.

Бразилия коронавирус қауіпті түс алған елдер тізімінде үшінші орында. Елдегі эпидемиологик жағдай біршама тұрақталғанына қарамай инфекция жұқтырғандар саны 5,6 млн көп тіркелген. Ал, науқастардың 5,1 млннан жоғары тұрғын аурудан сауыққан болса, 162 мыңнан астамы қайтыс болған.

Қазіргі кезде аурулар саны миллионнан асқан елдер қатарында Франция (1,8 млн), Ресей (1,7 млн), Испания (1,3 млн), Аргентина (1,2 млн), Ұлыбритания (1,1 млн), Калумбия (1,1 млн) елдері бар. Мексика, Италия, Перу елдерінде індет жұқтырғандар саны 900 мыңнан асқан.