Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 200 миллионнан асты (200 239 381).
Джон Хопкинс университетінің статистикасы бойынша 4,3 миллион науқас қайтыс болған.
Қазіргі уақытта індет өршіген елдер қатарында мына мемлекеттер көш бастап тұр:
АҚШ - 35,3 миллион;
Үндістан - 31,8 млн;
Бразилия - 20 млн;
Ресей - 6,3 млн;
Франция - 6,3 млн;
Індет өршіген елдердің ондығынан сонымен қатар Ұлыбритания, Түркия, Аргентина, Колумбия және Испания орын алған.
Ал, коронавирустан қайтыс болғандардың ең көп саны АҚШ -та (615,000), Бразилияда (558,000) және Үндістанда (426,000) тіркелді.
4 тамызда ДДСҰ коронавирустық вакцинаның үшінші дозасын қабылдауға, яғни ревакцинацияны кем дегенде қыркүйекке дейін тоқтатуға шақырды. ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мұндай шара әлемде вакцинаның бірінші және екінші дозалары бар вакцинацияның барабар деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет екенін баса айтқан. Үшінші дозаға мораторий енгізу бірінші кезекте халықтың басым бөлігі вакцинаның екі дозасын толық қабылдаған бай елдерде қолданылу орынды деп табылған.