Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 120 миллионнан асты
15:50 / 2021-03-16

Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 120 273 942 кісіге жетті.

Джон Хопкинс университетінің статистикасы бойынша соңғы тәулікте әлемде коронавирустық инфекцияның 391 231 жаңа жағдайы анықталып, 7 110 науқас қайтыс болған.

Әлемде әлі де Құрама Штаттар вирустың таралуы бойынша көш бастап келеді. Елде осы уақытқа дейін 29,4 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 535 мыңнан астам американдық қайтыс болды. Кейінгі орындарда Бразилия (11,5 миллион) мен Үндістан (11,4 миллион) тұр. Ресей, Ұлыбритания, Францияда індет жұқтырғандар саны 4 миллионнан асқан болса, Италия мен Испанияда 3 миллиондық нүктеден өскен.

Түркия, Германия, Колумбия, Аргентина, Мексика сынды елдерде вирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан жоғары көрсеткішке шықты.

«Коронавирустың отаны» Қытай вирус жұқтырғандар саны бүгінге дейін 101 мыңнан астам адамнан анықталған және 4 839 кісі қаза тапқаны жарияланған.

Хопкинс университетінің дерегінше пандемия жарияланғалы әлемде індеттен қаза болғандар саны 2,6 миллионнан асқан болса, бүгінге дейін 68 223 807 кісі аурудан сауыққаны көрсетілген.