Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты
Мұндағы статистика бойынша ең көп жапа шеккен ел - АҚШ
Джонс Хопкинс университетінің мәлімдеуінше Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған коронавирус індетінен жапа шеккендер саны 8 миллион 35 мың 364 кісіге жеткен.
Мұндағы статистика бойынша ең көп жапа шеккен ел - АҚШ. Қазір онда 2,1 миллионнан астам адам вирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған. Науқастардың 116 мыңнан астамы осы дерттен көз жұмып, 576,3 мың жан емделген.
Университет рейтингі бойынша бұл індет Құрама Штаттардан кейін Бразилия мемлекетінде кеңінен етек жайған. Ондағы вирусқа шалдыққандар саны 888,2 мыңнан жоғары. Елдегі індеттен сауыққандар саны 477,7 мыңды құраса, бүгінге дейін 44 мыңға жуық жан мерт болған.
Ресей коронавирус жұқтырған елдер тізімінде 536,4 мың вирустану көрсеткішімен үшінші орынға жайғасқан. Ондағы расталғандар арасында 284 мыңнан астамы аурудан сауыққан болса, 7081 кісі қайтыс болған.
Тізімнің ең соңғы бағанында Оңтүстік Африка жеріндегі Лесото корольдігі орналасқан болып, онда 4 кісі індет жұқтырған. Әзірге оның екеуі дерттен айығып шыққаны көрсетілген.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласындағы жануарлар ет базарында пайда болған бұл вирустан Әлем бойынша 8 035 364 млн кісіде covid-19 індеті расталған және оның 3 872 963 дерттен сауыққан болып, 436 406 жан көз жұмған.