Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 42 миллионнан асты
Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 42 203 732 кісіге жеткен
Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 42 203 732 кісіге жеткен. Бүгінге дейін 28,5 млнға жуық азамат дерттен сауығып шыққан болса, 1,1 млннан астам жан көз жұмған.
Джонс Хопкинс университетінің соңғы статистикасы бойынша ең көп індет тараған ел - АҚШ. Қазір онда 8,4 миллионнан астам адам вирусты жұқтырғандығы расталған. Ал, науқастардың 224 мыңнан көбі осы дерттен көз жұмып, 3,3 млн астамы емделіп шыққаны.
Зерттеу университеті келтірген мәліметтер бойынша індет Құрама Штаттардан кейін Үндістан жерінде кеңінен етек жайған. Ондағы вирусқа шалдыққандар саны қазірде 7,7 млннан асқан болып, олардың 7 млн көбі сауыққан. Ал, бүгінге дейін 117 мыңнан көп жан мерт болған.
Бразилия коронавирус қауіпті түс алған елдер тізімінде үшінші орында. Елдегі эпидемиологик жағдай біршама тұрақталғанына қарамай инфекция жұқтырғандар саны 5,3 млн көп тіркелген. Ал, науқастардың 4,5 млннан жоғары тұрғын аурудан сауыққан болса, 156 мыңнан астамы қайтыс болған.
Қазіргі кезде аурулар саны миллионнан асқан елдер қатарында Ресей (1,4 млн), Франция (1,08 млн), Аргентина (1,06 млн), Испания (1,04 млн) елдері орын алған.