Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 35 миллионнан асты
Джонс Хопкинс университетінің соңғы статистикасы бойынша ең көп індет тараған ел - АҚШ
Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметінше Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған тәжівирусынан жапа шеккендер саны 35 163 114 кісіге жеткен. Бүгінге дейін 24,5 млн астам азамат дерттен сауығып шыққан болса, 1 млннан астам жан көз жұмған.
Статистика бойынша ең көп індет тараған ел - АҚШ. Қазір онда 7,4 миллионнан астам адам вирустың жұқтырғандығырасталып, науқастардың 209 мыңнан көбі осы дерттен көз жұмып, 2,9 млн астамы емделіп шыққан.
Зерттеу университеті келтірген мәліметтер бойынша індет Құрама Штаттардан кейін Үндістан жерінде кеңінен етек жайған. Ондағы вирусқа шалдыққандар саны қазірде 6,6 млннан асқан болып, олардың 5,5 млн көбі сауыққан. Ал, бүгінге дейін 102 мыңнан көп жан мерт болған.
Бразилия коронавирус қауіпті түс алған елдер тізімінде үшінші орында. Елдегі эпидемиологик жағдай біршама тұрақталғанына қарамай инфекция жұқтырғандар саны 4,9 млн асқан. Ал, науқастардың 4,3 млннан жоғары тұрғын аурудан сауыққан болса, 146 мыңнан астамы қайтыс болған.