Әлемде коронавирус құрбандарының саны 1 миллионнан асты
Құрбан болғандардың ең көпбі АҚШ-та тіркелген болып, онда 205 085 адам коронавирсутан көз жұмған
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша Жер бетінде тәжівирусынан бүгінге дейін 1 002 296 адам қайтыс болған.
Құрбан болғандардың ең көпбі АҚШ-та тіркелген болып, онда 205 085 адам коронавирсутан көз жұмған.
«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, COVID-19 пандемиясы сағат сайын 226 адам өміріне нүкте қоюда. Бұл дегені, коронавирус әлемнің кез келген жерінде әр 16 секундта бір науқастың өлімін көрсетуде. 24 сағатта 5400 адам қауіпті инфекцияның құрбанына болуда.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегінше, Бразилия қайтыс болғандар саны бойынша екінші орында (142 058), үшінші шепте Үндістан (96 318) орын алған болса, кейінгі орындарда Мексика, Ұлыбритания, Италия, Перу, Франция, Испания және Иран елдерінде өлім саны көп тіркелген.