Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2 миллионнан асты
11:12 / 2021-01-16

Жер шарындағы тіршілік қауымына өте қауіпті болған covid-19 коронавирусынан бүгінге дейін қаза болғандар саны 2 миллионнан асты.

Джонс Хопккинс университетнің соңғы дерегінше, әлемде тәжіндетті жұқтырғандар 94 млн-ға жуықтады. АҚШ науқастану және қаза болу көрсеткіші бойынша алдыңғы шепте. Пандемия басталғалы елдегі ауру жұқтырғандар саны 23,5 млн-нан өсті. Қазірге дейін 392 мыңнан астам адам қазасы тіркелген. Сауыққандардың саны 14 млн жанды құрауда. 

Порталдың мәліметінше Бразилия өлім көрсеткіші бойынша екінші орында (208,2 мың). Үндістан оан кейінгі кезекте жайғасқан (152 мың).

Қазіргі уақытта әлемде коронавирустан өлім деңгейі миллион адамға шаққанда 256,9 құрауда. 

Соңғы кездегі жағдайларға қарағанда вирустану көрсеткіші Токио мен Лондонда күрт асқынуының салдарынан төтенше жағдай жарияланды. 

Бұған дейін ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай бағдарламасының басшысы Майкл Райан коронавирустық пандемияның екінші жылы алдыңғыға қарағанда ауыр болады деген болжам айтқан болатын.