French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде коронавирус аурулар саны 1 миллоннан асқанда Қытай ит пен мысық етін жеуге тыйым салды
08:24 / 2020-04-03

Қытайда жыл сайын онда 10 миллион ит пен 4 миллион мысық ет үшін өлтірілетіні анықталған


Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласындағы жабайы хайуандар ет базатында пайда болған COVID-19 індеті, бүгінге келіп жер бетінің 175-тен астам ел аумағына жайыла 1 015 403 кісіге жұққандағы белгілі болды.

Осы орайда Қытайдың Шэнчжэн қаласында ит пен мысық етін сатумен жеуге тыйым салынған. Ал бұл шектеудің мерзімі 1 мамырдан бастап өз күшіне енеді. Деседе мұндай шектеу Қытай қалалары ішінде Шэнчжэнде алғаш рет орнаған болып, басқа қалаларға тиісті емес.

Бұған дейін Қытайда тәжіндетінің асқынуының алдын алуға байланысты жабайы хайуандар етін жеуге тыйым салынған еді. Алайда ахуал біршама оңалып, крантин мерзімі аяқталған бір тұста елдің оңтүстік-батысында орналасқа Гуилиндегі базарда жабайы хайуандар еті қайта сатыла бастағаны белгілі болды. Қытайда ит пен мысық етіне талап сирек болсада «Humane Society International» ұйымының зерттеуіне сай жыл сайын онда 10 миллион ит пен 4 миллион мысық ет үшін өлтірілетіні анықталған.

Алдағы уақытта Тайван мен Гонконгта жергілікті биліктің шешімімен ит пен мысық етін тұтынуға және сатуға тыйым салынады. Егерде бұл жағдай анықталған күнде ол үшін қылмыстық іс қозғалмаса да, алты айға дейін бас бостандығынан айыру немесе 640 доллар айыппұл салу көзделген. Бірақ бұл заң Қытайдың басқа аймақтарына қатысты болуы жайында ақпарат жоқ.