Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 600 миллионға жетті
Әлемде COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 600 миллионға жетті.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша жер бетінде індет жұқтырғандар саны 599 миллионнан асты (599 386 482 ).
Worldometer статистикалық сайтының мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде COVID-19 инфекциясының 600 миллионнан астам жағдайы анықталды (604 392 189).
Қазіргі уақытта індет өршіген елдер қатарында 20 миллионнан астам жағдай тіркелген 8 мемлекет бар: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және Оңтүстік Корея.
Вирус әлемде тарала бастағаннан бері COVID-19 инфекциясының әсерінен 6,5 миллионға жуық адам қайтыс болған.
Коронавирусқа қарсы әлемде COVID-19-ға қарсы 12 090 227 779 вакцина инъекциясы жасалды.