Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 446,2 миллионнан асты
Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 коронавирусынан жапа шеккендер саны 446,2 миллионнан асты (446 274 346).
Джон Хопкинс университетінің статистикасы бойынша 5 999 218 миллион науқас қайтыс болған.
Қазіргі уақытта індет өршіген елдер қатарында мына мемлекеттер көш бастап тұр:
- АҚШ – 79, млн;
- Үндістан – 42,9 млн;
- Бразилия - 29 млн;
- Франция – 23,2 млн;
Ал, коронавирустан қайтыс болғандардың ең көп саны АҚШ -та (958 621), Бразилияда (652 437) және Үндістанда (515 102) тіркелді.
Соңғы дерекке сай қазір әлемде қолданылған вакцина көлемі 10,5 миллиардтан асқан (10 588 798 223 доза).