Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлемде COVID-19 ауруының саны 150 миллионнан асты
09:40 / 2021-04-30

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше Жер шарында адамзат өмірі үшін қауіпті болған COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 150 миллионнан асты.

Статистика бойынша жұма күні әлемде 150 530 783 адам коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінге дейін олардың 3 165 978-і қайтыс болғаны тіркеліп, 87 570 816-і сауығып шыққаны айтлады хабарда.

Әлемде әлі де Құрама Штаттар вирустың таралуы бойынша көш бастап келеді – 32 288 904 адам. Кейінгі орындарда Үндістан (18,7 млн) мен Бразилия (14,5 млн) тұр. Францияда (5 млн), Италия Ресей, Ұлыбритания, індет жұқтырғандар саны 4 миллионнан асқан болса, Испания және Германияда 3 миллиондық нүктеден өткен.

«Коронавирустың отаны» аталатын Қытайда індет бүгінге дейін 102 мыңнан астам адамнан анықталған және 4 845 кісі қаза тапқаны жарияланған.