Әлемде 40 миллионнан астам адам құлдықта өмір сүріп жатыр
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2 желтоқсан Халықаралық құлдыққа қарсы күніне орай жасаған мәлімдемесінде айтып өтті.
«Бүгінгі таңда Әлемде 40 миллионнан астам адам заманауи құлдықтың құрбаны болып отыр. Оның 71 пайызы әйелдер мен қыздар. Құлдықтың келіп шығуы зорлық-зомбылық, балалар мен үй еңбегі, мәжбүрлі неке, қарыз, қанау мақсатында адамдарды сату және балаларды қарулы қақтығыстарға тарту түрінде бейнеленуде», - деген ол.
Гутерриштің пікірінше, құлдыққа әйелдерден бөлек қорғансыз және төменгі тап өкілдері, әсіресе нәсілдік және этникалық азшылық өкілдер көп жәбір көруде. Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ мүшелерін және бүкіл қоғамдастықты құлдық құрбандарын қорғауға және қолдауға және осы «жексұрынға» қарсы бірлескен күресті күшейтуге шақырды.