Әлем елдерінің жалпы мемлекеттік қарызы 88 трлн долларға жетті
Жер бетіндегі елдердің жалпы мемлекеттік қарызы 88 трлн долларға жетті.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш әлемдік ЖІӨ-нің 100 пайызын құрайды.
Халықаралық валюта қорының бюджет департаментінің директоры Витор Гаспардың сөзінше: «Қазіргі уақытта мемлекеттік қарыз 88 триллион долларды құрайды, бұл ЖІӨ -нің 100 пайызына жақын. 2021 және 2022 жылдары мемлекеттік қарыз ЖІӨ -нің 1% төмендейді деп күтілуде».
Онда айтылуынша, егемендік қарыздың өсуіне қарай әр мемлекет өзінің салық саясатын әр аймақтың бірегей жағдайларына бейімдеу қажет.
2021 және 2022 жылдары мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің шамамен 1 пайыздық тармағына төмендейді деп күтілуде, содан кейін ол ЖІӨ-нің шамамен 97 пайызында тұрақталуы тиіс, - делінген қор мәліметінде.