Әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя боксқа қайта оралғанын жариялады
Бокстан алты салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы, Golden Boy Promotions компаниясының жетекшісі, ринг аңызы Оскар Де Ла Хойя мансабын қайта бастағанын мәлімдеді.
MMA Fighting басылымдағы мәліметке сай, Оскар бұл туралы әйгілі «Snoop Dogg» рэперге берген сұхбатында айтты. Боксшы 13 жылдағы алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы 3 шілдеде өткізуге уәде берген. Де Ла Хойяның қарсыласы әлі анықталмаған.
48 жасты боксшы өзінің мансабын жыл бойына жалғастыруға сөз беріп, бұл аралықта ол потенциалды қарсылас ретінде өзінің промоутерлік компаниясының бұрынғы клиенті Сауль Альварес және орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді атаған.
Де Ла Хойя рингтегі ең кейінгі жекпе-жегі 2008 жылы өткен. Ол сонда Мэнни Пакьяодан техникалық нокаутпен ұтылған еді. Карьерасында 39 жеңісі мен алты жеңілісі бар. Қазіргі уақытта американдық Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының жетекшісі.