Әлем чемпионы Доминик Виндиш мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Италиялық биатлоншы Доминик Виндиш 2021/2022 маусымының соңында кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Виндиш 17-20 наурыз аралығында Ослода (Норвегия) өтетін әлем чемпионатының финалдық, 10-шы кезеңінде өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
«Мен тамаша формада кеткеніме қуаныштымын. Олимпиададағы масс-старт (Виндич 5-ші орын алды) менің мансабымды қорытындылаудың ерекше түрі болды»- деп келтіреді IBU басылымы.
33 жастағы Виндиш үш дүркін Олимпиаданың қола жүлдегері (2014 - аралас эстафета, 2018 - спринт және аралас эстафета), 2019 жылғы масс-старт бойынша әлем чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы.