Әлем чемпионы атанған өзбекстандық шахматшыны Президент марапаттады
Шахматтан рапид (жылдам шахмат) бағыты бойынша әлем чемпионы атанған Нодирбек Абдусатторовты Президент марапаттады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен Польша астанасы Варшава қаласында өткен шахматтан әлем чемпионатында жеңімпаз атанған және осы спорт түрінен ең жас әлем чемпионы деп танылған Нодирбек Абдусатторов «Мард уғлон» Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды және Ташкент қаласынан екі бөлмелі пәтер берілетін болды.