1 наурызда француздық бұрынғы футболшысы Жюст Фонтен 89 жасында қайтыс болды.
Франция құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы 1958 жылғы әлем чемпионатында 13 гол соғып, әлемдік рекорд орнатты. Бірде-бір ойыншы осы турнирде ең көп гол соғу бойынша Фонтейннің рекордын әлі күнге жаңартқан жоқ.
Жюст 1933 жылы 18 тамызда Мароккода дүниеге келген. Футболдағы мансабын Марокконың «Касабланка» клубында бастаған ол, кейін «Ницца», «Реймс», «ПСЖ», «Тулуза» сияқты клубтарда өнер көрсетті.
Франция чемпионатында 200 ойын өткізіп, 165 гол соққан. Жюст Фонтен 1956, 1958, 1960, 1962 жылдары Франция чемпионы атанды.
Жюст Франция құрамасындағы дебютін 1953 жылы 17 желтоқсанда Люксембургке қарсы өткізді және 8-0 есебінде аяқталған матчта ол хет-трик жасады.
Ол 1958 жылы Швецияда өткен әлем чемпионатында жалпы 13 гол соғып, әлемдік рекорд орнатты. Франция әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ұлттық құрама сапында 21 кездесуде 30 гол соққан.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ол, «ПСЖ», «Тулуза» клубы және Франция мен Марокко құрамаларын жаттықтырушысы болды.