Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әлем чемпионатын қабылдайтын тағы бір стадион пайдалануға берілді
14:09 / 2021-10-23

Қатарда 2022 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын футбол алаңының бірі пайдалануға берілді.

Доха қаласының орталығында бойкөтерген жасыл алаң «Әл-Тумама» деп аталады. Оның жобасын сәулетші Ибрагим Джайда жасаған болып, стадионның сыртқы пішіні араб ерлерінің баскиімі – гуфияға ұқсайды. 

«Әл-Тумама» жасыл алаңы 40 мың көрерменге арналған және ол 2022 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын сегіз стадионның бесіншісі. 

Еске сала кетсек, футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейін Қатардың бес қаласындағы сегіз стадионда өтуі жоспарланған.