Әлем чемпионаты: Өзбекстан жастар құрамасы Панаманы ірі есеппен жеңді
Қатарда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының «J» тобы аясында Өзбекстан – Панама және Ирландия – Парагвай құрамалары кездесті.
Исламбек Исмоилов баптайтын Өзбекстан ұлттық құрамасы панамалық қарсыластарын 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал Ирландия мен Парагвай арасындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Нәтижесінде, топтық кезеңде Ирландия 7 ұпаймен бірінші орынға шықса, Өзбекстан футболшылары 6 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Парагвай 4 ұпаймен үшінші сатыда қалды, ал Панама үш ойынның барлығында жеңіліп, бірде-бір ұпай иелене алмады.
Енді Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Хорватиямен ойнайды.