Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Le Moci: Өзбекстан - француз компаниялары үшін жаңа Эльдорадо
12:44 / 2021-01-16

Францияда жарық көретін халықаралық саудаға мамандандырылған «Le Moci» журналында Өзбекстан туралы көлемді мақала жарияланды. Ондағы мақалада «Өзбекстан - француз компаниялары үшін жаңа Эльдорадо», - делінген.

Мақала авторы Бруно Мули француз компанияларының соңғы кезде Өзбекстан нарығына белсенді түрде шыға бастағаны жайлы айтқан. Атап айтқанда, француздық Rungis Semmaris, Suez, Total Eren, Assystem, Orano, Orex Loisirs, Campagnie des Alpes, Geode және Egis компанияларының Өзбекстандағы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ынтымақтастығы жайлы.

Ол ең алдымен Францияның «Carrefour» супермаркеттер желісінің кейінгі бір айда Ташкентте 3 дүкен ашқанына назар аудараған және француз бренді БАӘ-нің «Majid Al Futtaim» тобының франшизасы арқылы 2022 жылға дейін Ташкентте жалпы 5 супермаркет пен 2 гипермаркетті ашуын жоспралағанында қоса жеткізген.

Бұдан бөлек, Rungis Semmaris-пен жасалған 15 миллиондық еуро келісімшартқа сәйкес бүкіл елде 8 агро-логистикалық орталық Ташкент, Самарқанд және Әндіжан қалаларында жеміс-көкөніс өнімдерінің көтерме базарлар желісі құрылады.

Сондай-ақ, 2020 жылы Suez компаниясы Ташкент қаласының әкімшілігі мен Тұрғын үй-коммуналдық қызмет министрлігімен 142 миллион еуроға Ташкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңарту туралы 7 жылдық келісімшартқа қол қойған.

Мақала авторы 2016 жылдың соңында Орталық Азиядағы халқы ең көп елде Шавкат Мирзияевтің билікке келуімен ол өзінің экономикасын посткеңестік және протекционистік басқарудан босату жолын түбегейлі өзгерткенін баса айтады.

Total Eren компаниясы 2019 жылдың қыркүйегінде Өзбекстанмен электр энергиясын сатып алу және алғашқы күн электр станциясын іске қосу туралы 25 жылдық келісімшартқа қол қойды. Жалпы қуаты 100 МВт құрайтын электр станциясы Самарқанд облысында салынып, соның арқасында 150 мың адамды энергиямен қамтамасыз ете мүмкіндігі пайда болады.

Дәл осы жылдың (2019 жыл) қыркүйегінде Assystem компаниясы мен Өзбекстанның Энергетика министрлігі елдің энергетикалық жүйесін басқару жөнінде ынтымақтастық орнатты. Келісім бойынша француздық компания Өзбекстанның жаңа энрегобалансын құруда жобаларды әзірлеуде көмектеседі.

2019 жылы Orano Өзбекстанның Мемлекеттік геология және минералды ресурстар комитетімен ынтымақтастық туралы келісім жасасып, соның негізінде компания Өзбекстандағы тау-кен өндірісі мен уран өндіруді дамытумен айналысады. Бірлескен кәсіпорынның 51 пайызы Orano-ға, 49 пайызы Геология комитетіне тиесілі.

Le Moci журналындағы мақалада француздық Orex Loisirs, Campagnie des Alpes, Geode және Egis компанияларының консорциумы Ташкент облысында Белдерсай-Чимган-Нанай жобасын жүзеге асырып жатқандығы туралы да айтылған.