LBMA Науаи тау-кен металлургия комбинатының сенімді жеткізушісі мәртебесін растады
Лондон құйма нарығы қауымдастығы (LBMA) Науаи тау-кен металлургия комбинатының «Оңтайлы жеткізуші» - жоғары сапалы алтынның сенімді жеткізушісі мәртебесін растады.
Комбинат ақпараттық қызметінің хабарлауынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша аудит, салық салу, консалтинг және корпоративтік қаржы салаларында қызмет көрсететін халықаралық «Deloitte&Touche» компаниясы Науаи тау-кен металлургия комбинатына сапалы қаржылық-шаруашылық қызметі үшін сертификат берген.
Әр үш жыл сайын «Оңтайлы жеткізуші» мәртебесін растау қажет. Соңғы рет 2019 жылы Науаи тау-кен металлургия комбинаты өнімінің нарық талаптарына толық сәйкестігі туралы сертификат алынған.
Еске сала кетейік Науаи тау-кен металлургия комбинатының алтынына бүкіл әлем бойынша жоғары сапалы бағалы металдарды сатумен айналысатын Лондон құйма нарығы қауымдастығы (LBMA) «Оңтайлы жеткізу» мәртебесін алғаш 1994 жылы берген.