French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды
17:28 / 2021-01-28

Қазақ елінде латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды.

Primeminister.kz сайтындағы мәліметте, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізіп, онда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды.  

Жетілдірілген жаңа әліпбиде әріп саны - 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған және бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған.  

Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр, делінген хабарламада.