Латвияда жеке ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
Латвияның Цезис аймағында бортында екі адамы бар жеке ұшақ апатқа ұшырады. Нәтижеде ұшқыш қаза болып, жолаушы ауруханаға жатқызылған.
Delfi порталының хабарлауынша, оқиға жексенбі, 8 тамызда Прикул болысында әуе кемесінің ұшуы кезінде болды. Апат кезінде ұшақта Литваның екі азаматы болған. Оқиға салдарынан ұшқыш қаза тауып, жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Азаматтық авиация агенттігінің өкілі Айвис Винцевс ұшу кезінде жеңіл ұшақтың әуеге көтеріле алмауынан кейін жерге құлағанын айтқан.