French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Латвияда төтенше жағдай жарияланды
13:53 / 2020-11-07

Латвия үкіметі коронавирус эпидемиясын ауыздықтау мақсатында елде 9 қарашадан 6 желтоқсанға дейін төтенше жағдай жариялады. Ережені бұзған азаматтар 2 мың еуро, заңды тұлғалар 3 мың еуроға дейін айыппұл төлейтін болады.

Төтенше жағдай мерзімінде белгілі бір ғимарат ішінде қандай-да бір іс-шаралар өткізуге және жеке салтанатты кештерге 10 адамнан артық немесе екі отбасынан бөлек жандардың жиналуына тыйым салынады.

Мемлекеттегі барлық бар, түнгі клубтар, аквапарктер, сауда орталықтарындағы балалар бөлмелері жабылып, азық-түлік, гигиена, тұрмыстық және мал шаруашылығы өнімдерін сататын дүкендер, кітап дүкендері, дәріханалар мен оптикалық дүкеннен басқасының барлығы жабық болады.

Сондай-ақ, алабақша мен мектептердің 1-6 сынып оқушыларына сабақ жалғасатын болып, жоғары сынып оқушылары мен студенттер қашықтықтан оқуға көшеді. Сұлулық салоны жабылуда, шаштараздар клиенттерді алдын-ала тіркеу негізінде жұмыс істейді. Осынау ережеге бағынбай төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар 2 мың еуро, заңды тұлғалар 3 мың еуроға дейін айыппұл төлейтін болады.