Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әл-Хакім ат-Тирмизидің Құран тәпсіріне арналған алғашқы еңбегі табылып, жарық көрді
17:02 / 2023-06-26

VIII-IX ғасырларда өмір сүріп, қызмет еткен энциклопедист Әл-Хакім ат-Тирмизидің Құран тәпсіріне арналған алғашқы еңбегі табылды. Бұл бірегей туынды бұған дейін «жоғалған» деп айтылған.

Имам Термизи атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Журабек Чутматовтың зерттеуінің нәтижесінде қолжазба Түркияның Бурдур қаласында табылып, баспаға дайындалды.

Оны әлем зерттеушілерінің назарына жеткізу үшін бұл еңбек Ыстамбұлдағы «Дор әл-кутуб-арабия» баспасында «Бахр әл-тәфсир» деген атпен араб тілінде жарық көрді. Туындыны өзбек тілінде де шығару жоспарланған.

[gallery-12495]

Әл-Хакім ат-Тирмизи (820-932) 400-ден астам кітап жазған, оның алпысқа жуығы бізге жеткен. Ғұламаның шығармалары Париж, Каир, Дамаск, Александрия, Ыстамбұл, Лондон сияқты қалалардағы қолжазба қорларында сақтаулы.

 

суреттерді түсірген Жанибек ҚУЗИМУРАДОВ, ӨзА