Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінде Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығыс кезінде ондаған палестиналық жарақат алды.
WAFA агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері сейсенбі күні кешке мешіттің намазханасына басып кіріп, ондағы палестиналықтарға шығаратын гранаталар, улы газ және резеңке оқтарды қолданып шабуыл жасаған.
Агенттік дерегінше, мешітке баса-көктеп кірген Израиль қауіпсіздік күштері мылтық қаруын да қолданған.
Палестинаның тұтқындар істері жөніндегі комитеттің баспасөз хатшысы Рияд әл-Ашкар журналистерге Израильдің Әл-Ақсадағы рейд нәтижесінде 200-ден астам палестиналықты ұстағанын айтқан.
Оның айтуынша, ұсталғандар Израильдің Иерусалимдегі Аната әскери базасына жеткізілген. «Әл-Ақса мешітіндегі жаралылардың бірқатары шұғыл емделуді қажет етеді» дегенмен Израильдің оларға медициналық көмек көрсетуден немесе ауруханаларға жіберуден бас тартып жатқанын жеткізген.
Палестина ақпарат құралдары рейдтен кейін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бірқатар қалаларда шерулер басталғаны жайлы жазған.
Иорданияның Сыртқы істер министрлігі Израильдің әрекетіне жауап беріп, рейдті қатаң айыптады.