Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
КВИжәне пневмония: Өзбекстанда антирекорд жаңарды
10:48 / 2021-07-21

20 шілде күні Өзбекстанда 698 адамға коронавирус диагнозы қойылып, 478 азаматта пневмония анықталды. Бүл бүгінге дейінгі тіркелген антирекордтың жаңа статистикасы.

«2021 жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 121 329 (+698) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.

Елдегі коронавирус жұғу деңгейі артуынмен қатар пневмония жағдайы да өсіп келеді. 19 шілдеде 465 кісіде пневмония анықталған болатын.

ДСМ дерегінше, кеше 495 азамат аурудан сауығып, 4 науқас індеттен көз жұмған. 

Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 116 009-ға жетіп, өлім саны 810-ды құрауда.