Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
КВИ және пневмониядан өткен тәулікте 9 науқас қайтыс болды
13:26 / 2021-09-11

Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 662, пневмония диагнозы қойылған 145 адам анықталғаны және екі аурудан 9 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.

«2021 жылдың 10 қыркүйек күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 163 770 (+662) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Пневмония жағдайы бойынша кеше 145 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 25 260 жетіп, одан 19 291 сауығып шыққан. Өткен тәулікте 3 науқас қайтыс болды.

Сондай-ақ, кеше республикада жалпы 796 азамат сауығып, 6 коронавирусқа шалдыққан науқастың өлімі тіркелген.

Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 155 910-ға жетіп, құрбандар саны 1148 құрауда.