КВИ және пневмония: Өзбекстанда ауру жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді
Өзбекстанда 18 шілде күнгі коронавирус пен пневмония жағдайы бойынша антирекордты жағдай тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте Өзбекстанда коронавирустық ауру саны 585-ке, пневмониямен ауырғандар саны 462-ге көбейгені туралы хабарлады.
Осыған байланысты республикадағы ауру жұқтырғандардың жалпы саны 119 973-ке жетті.
Сонымен қатар, кеше ел аумағында 562 азамат індеттен сауығып, 5 науқас қайтыс болған.
ДСМ-нің соңғы дерегі бойынша қазіргі таңда Өзбекстанда сауыққандар қатары 114 865-ке жеткен болса, коронавирус құрбандарының саны 801-ді құрауда.