КВИ және пневмония: Күндік жағдайлар саны 900-ден асты және 542 азаматта пневмония анықталды
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 923, пневмония диагнозы қойылған 542 адам анықталғаны және 8 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.
«2021 жылдың 3 тамызы күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 132 901 (+923) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Пневмония жағдайы күн өткен сайын артып келеді. Кеше тәулік бойы 542 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны қазір 12 425-ке жеткен. Қазірге дейін 83 кісі қайтыс болған.
Сондай-ақ, 3 тамыз аптаның екінші күні републиканың 13 аймағынан 805 азамат сауығып, 8 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды. Олардың 4 індеттен 4 пневмониядан көз жұмған
Қазргі уақытта елдегі жалпы сауыққандардың саны 126 377-ге жетіп, құрбандар саны 901 құрауда.