Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
КВИ және пневмония: Күндік жағдайлар саны 700-ден асып, 7 науқас қайтыс болды
11:34 / 2021-09-18

Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 590, пневмония диагнозы қойылған 112 адам анықталғаны және екі аурудан 7 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.

«2021 жылдың 17 қыркүйек күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 167 858 (+590) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Кеше тәулік бойы 112 адамға пневмония диагнозы қойылған. Олардың жалпы саны қазір 20 068-ге жеткен. Қазірге дейін 213 кісі қайтыс болған.

Сондай-ақ, өткен күні републикада 854 азамат сауығып, 7 науқас қайтыс болды. Олардың 5 індеттен 2 пневмониядан көз жұмған.

Қазргі уақытта елдегі жалпы сауыққандардың саны 161 275-ке жетіп, құрбандар саны 1184 құрауда.