КВИ және пневмония: Кеше 501 азаматта коронавирнус, 95 азаматта пневмония анықталды
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 501, пневмония диагнозы қойылған 95 адам анықталғаны және екі аурудан 5 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.
«2021 жылдың 19 қыркүйек күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 168 938 (+501) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Пневмония жағдайы бойынша кеше тәулік бойы 95 адамда ауру анықталған. Олардың жалпы саны қазір 26 272-ге жеткен. Қазірге дейін 215 кісінің өлімі тіркелді.
Сондай-ақ, өткен тәулікте републиканың 13 аймағынан 629 азамат сауығып, 5 науқас қайтыс болды. Олардың 4 індеттен 1 пневмониядан көз жұмған.
Қазргі уақытта елдегі жалпы сауыққандардың саны 162 684-ке жетіп, құрбандар саны 1192 құрауда.