КВИ және пневмония: Бір тәулікте 891 кісіде індет анықталып, 11 науқас қайтыс болды
Өзбекстанда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 891, пневмония диагнозы қойылған 457 адам анықталғаны және екі аурудан 11 науқастың қайтыс болғаны белгілі болды.
«2021 жылдың 9 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны – 138 382 (+891) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Пневмония жағдайы бойынша кеше 457 адам тіркелген. Қазірде олардың жалпы саны 15 399 жетіп, одан 8121 сауығып шыққан.
Сондай-ақ, 9 тамызда республиканың 12 аймағынан 875 азамат сауығып, 11 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болды.
Қазіргі кезде елдегі сауыққандардың жалпы саны 131 781-ге жетіп, құрбандар саны 941 құрауда.