КВИ: Өзбекстанда пневмонияға шалдыққандар саны көбейіп келеді
Өзбекстанда өткен тәулікте 467 адамда коронавирус және 259 кісіде пневмония анықталып, 3 адам қайтыс болды.
«2021 жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 115 478 (+467) құрауда», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
9 шілде күні тәулік бойы републикада 382 азамат сауығып, елдегі сауыққандардың жалпы саны 110 759-ға жеткені айтылады. Бұдан бөлек 3 коронавирусқа шалдыққан науқас қайтыс болып, олардың саны 767-ге жеткен.