Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кувейттің жаңа билеушісі ресми түрде таққа отырды
17:37 / 2020-09-30

81 жасты Наваф әл-Ахмед ас-Сабах Кувейттің жаңа билеушісі ретінде ресми түрде ант қабылдап таққа отырды


81 жасты Наваф әл-Ахмед ас-Сабах Кувейттің жаңа билеушісі ретінде ресми түрде ант қабылдап таққа отырды.

«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, 81 жасты Кувейттің мұрагер ханзадасы шейх Наваф әл-Ахмед ас-Сабах, 91 жасты шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахтың қайтыс болуына орай, Кувейт Ұлттық ассамблеясының бүгінгі өткен сессиясында ант беріп, мемлекеттің жаңа әміріне айналды.

Мемлекетті 14 жыл билеген танымал араб дипломатының өмірден қайтуына байланысты елде 40 күндік ұлттық аза тұту күні жарияланған.