Кувейтте тұрғын үйден өрт шығып, 41 адам қаза тапты
Кувейттің оңтүстігіндегі Мангоф қаласындағы тұрғын үйден өрт шығып, 41 адам қаза тапты.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары шейх Фахад Юсуф Соуд әл-Сабах хабарлады. Ол жылжымайтын мүлік иелерін құрылыс нормаларын бұзды деп айыптаған.
Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тағы 40-қа жуық адам медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндіргеннен кейін құтқарушылар мен тергеушілер зардап шеккендерді іздеуді жалғастырған. Зақымданған ғимараттың иесі қамауға алынды.
Полиция ғимараттың жұмысшылар үшін жатақхана ретінде пайдаланылғанын, өрт шыққан кезде оның ішінде көп адам болғанын айтты. Көмірқышқыл газына уланып ондаған адамның қаза болғанын айта келе, тұрғын-үйде тым көп жұмысшылардың орналасу қаупінен үнемі ескертіп келгенін айтылады хабарламада.