Кувейт алғаш рет әйелдердің армияда қызмет етуіне рұқсат етті
Кувейтте әйелдерге елдің қарулы күштерінің бірнеше бөлімшелеріне қызмет етуге рұқсат етілді.
Тиісті қаулыға премьер-министрдің орынбасары, Кувейт Қорғаныс министрі Хамад Джабер Али Ас-Сабах қол қойған.
Ондағы көрсетілген бойынша, бастапқыда әйелдер Кувейт армиясының медициналық және көмекші бөлімшелерінде кіші офицер мен маман ретінде қызмет ете алады.
Кувейт әйелдері елдің бастан өткерген барлық қиын кезеңдері мен барша салада ерлер мен тең әрекет етуін дәлелдеді, сондықтан оларға Кувейт армиясындағы ер адамдармен қызмет етуге мүмкіндік беретін уақыт келді», - деген Кувейт Қорғаныс министрі.