Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кустоның немересі Халықаралық суасты станциясын салмақ
11:42 / 2020-07-24

Су асты дүнеисінің зерттеушісі әйгілі океанограф Жак-Ив Кустоның немересі Фабьен Кусто Халықаралық суасты станциясын құратын болды


Су асты дүнеисінің зерттеушісі әйгілі океанограф Жак-Ив Кустоның немересі Фабьен Кусто Халықаралық суасты станциясын құратын болды.

«CNN» таратқан хабарға сай Фабьен Кусто дизайнер Ив Беар мен бірге аумағы 1,2 шаршы км құрайтын екі қабатты «Proteus» нысанын Кариб теңізінің «Кюрасао» аралы жағалауына салуды жоспралаған.

Төрт жасынан бастап атасы Жак-Ив Кусто мен бірге су астына сүңгіп ондағы әлемнің қыр-сырын зерттеуді үйренген Фабьен атасының жолын жалғастыруды қалайды. Ол құратын су асты станциясы 18 метр тереңдікте орналасып онда шамамен 12 адам жұмыс атқарады. Оның құрылысына үш жыл уақыт және 135 миллион доллар қажет. Фабьен Кусто бұл жоба үшін қаржы толықтай инвесторлардың көмегінде жасалатынын айтып, олардың есімін атауды қаламаған. Бірақ серкітестер қатарында Массачусетс қаласындағы Солтүстік-шығыс университеті, Нью-Джерсидегі Ратгерс университеті және Кариб теңізіндегі Кюрасао аралында орналасқан коммерциялық емес ұйымдар бар екенін айтқан.