Кубанычбек Омуралиев: «Ашықтық, өзара сенім басты ұстанымымыз болып қала береді»
Түркі мемлекеттері ұйымының жаңа Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев барлық елдердің басшыларына сенімі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
– Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен өзіме жүктелген міндеттерді орындау үшін бар күш-қуатымды, әлеуетімді жұмсаймын. Ашықтық пен өзара сенім біздің басты ұстанымымыз болып қала береді. Біз ұйымға мүше елдер мен бақылаушы елдер арасындағы осы ынтымақтастықты ілгерілету үшін бар күш-жігерімізді саламыз, - деді К. Омуралиев.
Еске салар болсақ, бұған дейін Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы лауазымында жұмыс істеген Бағдад Әміреев қызметін аяқтап, бұл міндетті атқару үшін Кубанычбек Омуралиев тағайындалған болатын.